АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қазақстандағы трекинг әдістемесі. Алғашқы 18 сарапшы

Мұнай корпорациясы цифрлық бұрғылау қондырғысын жасауды жоспарлаған болатын. Біреулер бұл тиімділікті арттырады және тек өз елімізде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие болады деген пікір білдірді. Бұл пікірді құп алып, ақша бөлінді, жобалық топ жинап, жұмысқа кірісіп кеттік. 20 айдан соң және бірнеше ондаған миллиард теңге жұмсалғаннан кейін алғашқы тәжірибелік үлгі дайын болды. Жеңісті тойлау керек сияқты еді, бірақ олай бола қойған жоқ. Осы тәжірибелік үлгіні орнату ешкімге керек болмады, идеяны қолға алған адам ертерек жұмыстан шығып кетті, ал өзге компаниялар қызығушылық мүдде таныта қоймады. Нәтижесінде – мамандардың 2.5 жылдық еңбегі зая кетті, миллиардтап қаржы құрдымға кетті және баланста зомби жоба қалды.
Дәл осы уақытта бір кәсіпкер Цифрлық фитнес-жаттықтырушы Стартапты ойлап шығарды. Карантин кезінде дене бітіміне қолдау көрсету керек. Жалпы, бұл өте ыңғайлы жоба деп ойлады. Ол әжесінен мұраға қалған пәтерді сатып, бағдарламашыларды жалдады және алты айдан кейін жоба дайын болғанда AppStore және Google Play дүкенінде сәнді қосымша пайда болды. Келесі алты айда ол… 36 доллар табыс тапты.
Бұл екі кейсті не біріктіреді? Екеуі де идея сатысында болды. Проблемалық сұхбаттар, MVP, нарықтағы сұранысқа ие алғашқы сатылымдар және масштабтау арқылы өнім өндіру жолымен жүрудің орнына, олар үшкір бұрыштарды айналып өтуге шешім қабылдады және бірден дайын өнімді жасай бастады.
Өз бетінше, басқаша әрекет етуге бола ма? Олай бола қоймайды. Жыл сайынғы CB Insight (стартаптарды зерттейтін компания) есебі бойынша жаңа бизнес пен өнімнің 92%-ы алғашқы үш жылда-ақ сәтсіздікке ұшырайтынын көрсетеді. Мұның себебі белгілі – бастапқы идеядан сол дайын өнім алу жолын көру қиын-ақ. Сондықтан белгісіздігі жоғары жобаларда (және қазір бұл кез – келген бизнесте) команда мен құрылтайшыларды аз шығынмен өнім алу жолына бағыттай білетін сарапшы трекерлер пайда болды. Олар негізгі метриканы атап көрсетуге, тез және арзан гипотезаларды қалыптастыруға, клиенттік сегментті табуға көмектеседі. Lean әдістемесін, юнит-экономиканы, Customer Development және бұрын тек стартаптар үшін қолданылған, ал қазір барлық жерде қолданылатын басқа фреймворктерді де жақсы біледі.
Айтпақшы, шілде айында Қазақстанда QazInnovations және Трекерлер академиясының қолдауымен осындай 18 сарапшы пайда болды.