АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансферті орталығының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілімен кездесу өтті.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансферті орталығы ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің бастамасымен 2020 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылған.

Негізгі міндет технология, ғылым, мәдениет, экономика және сауда салаларындағы көпжақты халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейтуге арналған алаңды қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесу аясында тараптар өз қызметтерін таныстырды және әріптестік қатынастарды қалыптастырудың әлеуетті мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ Инновациялық обсерватория аясында халықаралық әріптестер үшін инновациялық жүйені іске асыру тиімділігіне талдау жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындылары бойынша кооперация мүмкіндіктерін талқылай келе, қатысушылар ынтымақтастық бойынша алдағы қадамдар туралы келісті.