АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі «Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар конкурсына алдын ала ұсынысты беру үшін Excel форматында «Жобаның бизнес – құрылымы» және «Жоба командасының жалақысы туралы ақпарат» шаблондарын қайдан жүктеп алуға болады?».

Мұнда бәрі өте қарапайым 😉!

1. Біздің Qazinn.kz сайтымызға кіріңіз;
2. «Технологияларды коммерцияландыру» бөліміне өтіңіз (мәзір -> әрекеттер/қызметтер-> инновациялық гранттар-> технологияны коммерцияландыру);
3. Бұл бетте «Тұсаукесер құрылымы», «Жобаның бизнес – құрылымы» және «Жоба командасының жалақысы туралы ақпарат» деп аталатын құжаттары бар бөлімдерге өтіңіз, оның қарама-қарсысында «Құжатты жүктеп алу» түймелері бар, оларды басу арқылы сіз осы шаблондарды жүктейсіз.

Біз сізге бұл мәселеде көмектестік деп үміттенеміз!

Түсіндіру консультациялары дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10.00-де ZOOM алаңында (тіркелу https://forms.gle/xaPdqhM34TBvMAhR7 сілтемесі бойынша) өткізілетінін естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін WhatsApp/Telegram-қа +7 775 623 14 22 нөміріне жазу арқылы немесе +7-7172-79-25-81 (ішкі 581), +7-7172-79-25-80 (ішкі 580) телефондары арқылы. сондай-ақ Telegram чатымызға жазу арқылы консультация ала аласыз.