АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Алматы қаласында QazInnovations командасы Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының әкімдіктері Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған «Цифрлық трансформация және өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шаралары»көшпелі іс-шарасына қатысты.

Іс-шаралар аясында QazInnovations қызметкерлері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттық бағдарламаның тұсаукесерін өткізді, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Тараптар бар проблемаларды және оларды шешу жолдарын айтты, сондай-ақ кәсіпорындарды дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті.