АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бүгін Астана қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар трансферті орталығының өкілдерімен бірге қаланың вице-мэрі Лю Цзяньцзюннің төрағалық етуімен Циндао қаласының (ҚХР) делегациясының ресми сапар болып өтті.

Циндао – Қытайдың ірі экономикалық орталығы. Мұнда көптеген ірі компаниялардың өндіріс орындары мен халықаралық фирмалардың өкілдіктері орналасқан, озық технологиялар шоғырланған, сондай-ақ инновациялық сала белсенді дамып келеді.

Мүше мемлекеттердің Қытай технологиялар беру орталығы 2020 жылы ҚХР Ғылым және технологиялар министрлігінің бастамасы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында құрылды. Оның мақсаты – халықаралық технологиялар трансфертін белсенді түрде ілгерілету және орталық құрылғаннан кейін экономикалық өсудің жаңа драйверлерін бірлесіп іздеу. Оның негізгі міндеті технология, ғылым, мәдениет, экономика және сауда салаларындағы көпжақты халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейту алаңдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Осы іс-шара аясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Қытай Технологиялар беру орталығы мен «QazInnovations» ИДЖҰА» АҚ арасында халықаралық ынтымақтастық арналарын кеңейту бойынша инновациялық сервистік арнаның шараларын жүзеге асыру бойынша «Жол картасына» ресми қол қойылды.
Осы жол картасы аясында бірлесіп халықаралық ынтымақтастық алаңын құру және инвестицияларды, инновациялар мен кәсіпкерлікті ілгерілету, сондай-ақ сауда ынтымақтастығы түріндегі ғылыми-технологиялық парктермен ынтымақтастықты дамыту, инновациялық технологияларды әзірлеуге жәрдемдесу және оларды ШЫҰ елдерінің нарықтарына шығару, қазақстандық стартаптар мен ШЫҰ Технологиялар беру орталығының халықаралық бизнес-инкубаторындағы жаңа бастаған компаниялардың қатысуы жоспарланып отыр.