АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өзбекстан Республикасының Инновациялық даму министрлігі ұйымдастырған Дәстүрлі инновациялық идеялар апталығы Ташкентте 18-21 қазан аралығында өтуде. Биылғы жылы InnoWeek тақырыбы “Тұрақты даму үшін жасыл инновациялар” болады.

Инновациялық идеялар апталығы ғылыми және инновациялық қызмет нәтижелерін әзірлеу мен енгізуге арналған Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық шара болып табылады.

InnoWeek аясында халықаралық көрме, форумдар мен семинарлар өтеді. Әзірлеушілер баламалы энергетика, биотехнология, химия өнеркәсібі, робототехника, материалтану салаларындағы зерттеулердің жобаларын ұсынады.

Инновациялық идеялар апталығына 50-ден астам шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың, 100-ден астам компаниялары және 40-қа жуық технологиялық компаниялардың өкілдері қатысуда.

Жергілікті және шетелдік ғылыми және инновациялық орталықтар, инвестициялық қорлар, технологиялық агенттіктер, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар арасында байланыс орнатуға арналған бірегей платформаға QazInnovations Басқармасының төрағасы Санат Аханов барды, сонымен қатар “Enabling mechanisms for technical cooperation to foster green innovation” панельдік сессиясында баяндама жасады.