АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің бірінші отырысы

Достар, бізде керемет жаңалық!!!

Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Ә.А.Смайыловтың төрағалығымен Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті.

Бұл Үкіметтің және тұтастай алғанда  еліміздің әртараптандырылған және бәсекеге қабілетті экономиканы құруға деген ұмтылысын, сондай- Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жыл сайынғы жаһандық рейтингінің инновация саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді  ең жоғары деңгейде қамтамасыз ету қажеттігі туралы ұсынымдарын ұстануын  тағы бір рет растайды.

«Qazinnovations» ЦДИАӨМ -мен бірлесе отырып, осы консультативтік-кеңесші органды жоғары деңгейде ұйымдастыру бойынша орасан зор жұмыс атқарды.

Кеңес мүшелері тек мемлекеттік органдар ғана емес, сонымен қатар нақты бизнес пен ғылыми қауымдастық өкілдері екендігін айта кету керек,

Отырыс қорытындысы бойынша алдыңғы қатарлы елдер мен ұйымдардың тәжірибесіне негізделген жаңа тәсіл шеңберінде күш-жігерді жекелеген бағыттарға шоғырландыру ұсынылады: азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін жаңа технологияларды енгізу – MedTech; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту – AgriTech; “жасыл” технологияларды, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді дамыту –GreenTech.

Бұл тәсіл тар бағытталған инновациялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді және тұтастай алғанда экономиканың дамуына оң мультипликативті әсер етеді.

Сондай-ақ, отырыс нәтижесі бойынша АӨК, мұнай мен газ, электрондық өнеркәсіп, денсаулық сақтау және т.б. сияқты бағыттар бойынша 8 салалық технологиялық құзыреттер орталығы мақұлданды. Мұндай орталықтар мемлекеттік саясаттың сабақтастығын қамтамасыз ету үшін құрылады және саланың өзіндік «ақылды талдау орталығы» болып табылады. Технологиялық құзыреттердің салалық орталықтарының жұмыс нәтижелерін Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің кезекті отырыстарында қарау жоспарлануда.

Алдағы уақытта Кеңес отырысын жарты жылдық негізде өткізу жоспарланып отыр, онда еліміздің технологиялық саясатын іске асыру мәселелері жоғары деңгейде қаралатын болады.