АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Елордада «Технологияларды коммерцияландыру реакторы» ғылым мен бизнесті интеграциялау бойынша ІІІ мамандандырылған диалог алаңы өтті.

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңында «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ өкілдері технологияларды коммерцияландыруға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар алу арқылы Қазақстан Республикасында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары және қаржыландыруды тартудің түрлері бойынша консультативтік жұмыс жүргізді.

Шара аясында Қазақстанның ЖОО-лары мен ҒЗИ ғалымдары бизнесмендерге, кәсіпкерлерге және әлеуетті инвесторларға ғылыми идеялар мен әзірлемелерді ұсынды. Әрбір қатысушының міндеті әлеуетті бизнесскер серіктестерге 3 минут ішінде олардың ғылыми әзірлемесінің коммерциялық құндылығын жеткізу болды.

Онлайн-питчтер нәтижелері бойынша «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» одан әрі коммерцияландыруға дайын үздік ғылыми жобалар таңдалатынын айта кеткіміз келеді.
Келесі сілтеме бойынша питчке жазылуға және презентация ұсынуға болады:
https://forms.gle/WrjKgVGRPhtQtU8f9