АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Студенттер, магистранттар мен докторанттарды «Product manager» курсынан өтіп, кәсіпкерлік құзыреттерді алуға шақырамыз.

Өз жобаңызды қалай сәтті іске қосуға болады?

Жоба экономикасын қалай дұрыс есептеу керек және сіздің әлеуетті тұтынушыларыңызды қалай білуге болады?

Нарықты сауатты талдауды қалай жүргізуге және бәсекеге қабілетті болуға болады?

Бұл тегін курс, оның барысында сіз өнімді іске қосу мен дамытудың келесі ең жақсы әдістерін меңгересіз:

  • Customer Development және Jobs-to-be-Done;
  • жоба экономикасын есептеу (юнит-талдау);
  • нарық пен бәсекелестерді талдау;
  • маркетинг (Growth Hacking).

Соңында Сіз өз жобаларыңызды коммерцияландыру дағдыларына ие боласыз және бүкіл әлемде сұранысқа ие жаңа продукт менеджері мамандығы туралы сертификат аласыз.

Бағдарлама мазмұны туралы толығырақ ақпарат https://clck.ru/Wb4Tc сілтемесі бойынша қолжетімді.

Курстың басталуы – 2021 жылдың 4 қыркүйегі, ұзақтығы – 8 апта.

Қатысу – конкурстық іріктеуден өткен жағдайда тегін.

Бағдарлама форматы – аптасына 6 күн онлайн-сабақ, оның шеңберінде практикалық кейстерді шешу қажет болады (сабақтан өтуге күніне 1-1, 5 сағат қажет).

Үй тапсырмасын орындамайтын және оқуда белсенділік танытпайтын қатысушылар оқудан шығарылады.

Өз өтініміңізді http://eaes-tracking.org/new сілтемесі бойынша 25 жылдың 2021 тамызына дейін беріңіз де бәсекелестеріңізден бір саты жоғары болыңыз!

Бағдарламаны «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ мен Tech Hub АХҚО Трекерлер академиясы (РФ) және Астра онлайн-университетімен бірлесіп жүзеге асырылады.