АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
Космонавтика күні өтетін вебинар барысында Spacetech технологиялық платформасының тұсаукесері өтеді және Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолданудың бірнеше сәтті шешімдері ұсынылады. Оған қоса, стартап-жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы қосымша ақпарат ала аласыз.
⠀
Бағдарламаның басты тақырыбы — қазақстандық ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан алынған ғарыш кескіндерін іздеу және тапсырыс беру онлайн сервисінің таныстырылымы. Сіз ғарыштық түсірілімдерді көруге тегін қол жеткізу шарттары және оларды алу мүмкіндіктерімен танысасыз.
⠀
Іс-шара Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице–министрі Батырқожа Азамат Байқуанышұлының қатысуымен өтеді.
⠀
Вебинар бағдарламасында:
⠀
“SpaceTech технологиялық платформасының тұсаукесері»
⠀
Спикер — “Қазақстан Ғарыш Сапары “ҰК” АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Зернов
⠀
“Салалық мәселелерді шешудегі ГАЖ қосымшалары»
⠀
Спикер — “Қазақстан Ғарыш Сапары “ҰК” АҚ кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары Тойшыбеков Оскен
⠀
“Интернеттегі кескіндерді іздеу және тапсырыс беру платформасының тұсаукесері»
⠀
Спикер — “Қазақстан Ғарыш Сапары “ҰК” АҚ R&D департаменті бойынша әзірлеу басқармасының бастығы Аймышев Батырулан
⠀
“Стартап жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары»
⠀
Спикер — “QazInnovations” инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” АҚ қолдау құралдары орталығының директоры Абдуалиева Аяужан
⠀
Қатысу үшін сілтеме бойынша тіркелу қажет
⠀
Күні: 12 сәуір
Уақыты: 11:00
Өтетін орны: ZOOM платформасы