АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
Бүгін «Урал бизнес – періштелері» КЕС президенті Валентина Славинамен кездесу өтті.
Кездесуде Қазақстанның инновациялық экожүйесінің негізгі бағыттары, сондай-ақ бастапқы кезеңде стартаптарға венчурлық инвестициялау мүмкіндіктері талқыланды.
Басқарма төрағасы Камиль Акатов ҚР ЦДИАӨМ Министрінің бұйрығымен бекітілген басым бағыттары туралы айтты, оның аясында Қоғам инновациялық гранттар арқылы, сондай-ақ инновациялық жобаларды қолдау және ілгерілету бойынша жоспарланған іс-шаралар боцынша тәсілдер арқылы мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз етеді.
Екі тарап отандық стартап-жобаларға инвестиция тарту мүмкіндіктерін, сондай-ақ жобаларды шетелдік алаңдарға масштабтау мүмкіндігін қолдау және қарастыру мақсатында әріптестік орнатуға қызығушылық танытты.