АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Еліміздің тұрақты және теңгерімді дамуы үшін инновациялық саладағы халықаралық ынтымақтастықты арттыру мәселесі өзекті болып отыр. Қажетті коммуникацияларды құру процесі өте мұқият және алдын ала жұмысты талап етеді. «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» ұжымы жүргізген іс-шаралардың нәтижесінде өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келесі:
– ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Инновациялық даму министрлігі жанындағы Инновациялар және технологиялар трансфертін енгізу жөніндегі ұлттық бюромен;
– ӘЗЕРБАЙЖАН РЕСПУБЛИКАСЫ Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Аграрлық инновациялар орталығымен МЕМОРАНДУМДАРҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ.
QazInnovations Басқармасының төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов өзара әрекеттестік орнату көршілес елдерден келген әріптестердің білім базасына қол жеткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар жалпы инновацияларды дамытудағы озық практика мен тәжірибе алмасудың тамаша құралы болып табылатынын атап өтті.