АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Кеше Нұр-Сұлтан қаласында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы басталды.

Ол «– DigitEL – цифрландыру, ғылым және инновациялар арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасының презентациясын өткізуден басталды, бұл туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жан-жақты баяндап берді.

Ұлттық жобаның қорытындысы бойынша қол жеткізу жоспарланған негізгі көрсеткіштер: азаматтарды 100% сапалы интернетпен қамтамасыз ету, бес минут ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету, 100 мың жоғары біліктілікті кадрларды дайындау және 100 мың жұмыс орнын құру.

Бүгін Форумның екінші күні өтеді, онда үздік спикерлер көптеген қызықты тақырыптар бойынша сөз сөйлейді және оның соңында ASTANA HUB BATTLE Конкурсының финалы өтеді.

Нұр-Сұлтан қаласында мына макен -жайда: Сауран көшесі, 44, Конгресс-орталықта офлайн режимде немесе digitalbridge.kz сайтында тіркеліп Pine алаңында онлайн режимде қатысуға болады.