АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

QazInnovations қызметкерлері Tech Garden брендімен жұмыс істейтін серіктес «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қорының негізінде технологияларды коммерцияландыру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған гранттық бағдарламалардың тұсаукесерін өткізді.

Кездесу гибридті форматта (онлайн/офлайн) өтті, онда QazInnovations сарапшылары Tech Garden резиденттері мен басқа да қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу нәтижелері бойынша тараптар инновациялық экожүйеге қатысушылардың қатысуымен осындай кездесулерді тұрақты түрде өткізіп отыруға келісті.