АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық жобалар байқауы

«QazInnovations Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерциялауға арналған инновациялық гранттарға байланысты екінші конкурсқа өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 10-23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталында жүзеге асырылады. Бұл ретте қанатқақты жобаның қорытындысы бойынша технологияларды коммерциялауға арналған инновациялық гранттар беру қағидалары қайта қаралып, өзгертілетінін айта кеткен жөн.

Байқауға қатысу үшін акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткені туралы сертификаттың болуы қажет. Сонымен қатар бұдан былай екінші және үшінші сатыға іріктеу конкурсына жіберу үшін бірінші сатыдан өту қажетті шарт саналады.

«Сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгертілді. Айталық, бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық гранттың шекті сомасы 20 млн теңге және іске асыру мерзімі 6 айдан аспауы тиіс. Екінші және үшінші сатыларға қарастырылған инновациялық гранттың көлемі 80 млн теңге, іске асыру мерзімі 12 және 9 айды құрайды. Үміткерлерге қолайлы болу үшін үнемі Community QazInnovations кеңес беру Telegram арнасы жұмыс істейді», деді байқаудың ұйымдастырушылары.

Бұған қоса әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түсіндіру мен кеңес беру жұмыстарын жүзеге асырып, кері байланыс орнату мақсатында ZOOM алаңында онлайн конференциялар өткізіледі. Ес­керте кететін жайт, өтінім беруші грант­тық қаржыландыру жөніндегі К­е­ңес­тің мүшелерімен, сондай-ақ байқау опе­раторының қызметкерлерімен ауызша, жазбаша, телефон арқылы сөйлесуге және ресми консультациялық кеңесті қоспағанда байланыс жасауға құқығы жоқ. Мұндай әрекет грант беру жөніндегі шешімге ықпал ету талпынысы ретінде бағаланады. Егер осындай әрекет анықталса, өтініш берушінің жобасы конкурстан шығарылып, жауапсыз қатысушылар тізіміне енгізіліп, оператордың сайтында жарияланады.

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын «Егемен Қазақстан» телеграм каналынан оқыңыз

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс