АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталатындығы туралы хабарландыру

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Оператор) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдер қабылдаудың басталатындығы туралы хабарлайды.

Өтінімдерді қабылдау 2021 жылғы 10 тамыз бен 23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталында жүзеге асырылады.

Айта кететін жайт, пилоттық конкурстың қорытындысы бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары қайта қаралып, өзгертілді.

Байқауға қатысу үшін акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткені туралы сертификаттың болуы қажет. Сонымен қатар, бұдан былай екінші және үшінші сатыға іріктеу конкурсына жіберу үшін бірінші сатыдан өту қажетті шарт болып табылады.

Сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгертілді – бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық грант сомасы 20 млн теңгеден аспайды және іске асыру мерзімі 6 айдан аспауы тиіс, екінші және үшінші сатылар үшін инновациялық грант сомасы 80 млн. теңгеден аспайды, екінші сатыны іске асыру мерзімі 12 айды және үшінші сатыны іске асыру мерзімі 9 айды құрайды.

Бұл өзгерістер өтінімдердің сапасына оң әсерін тигізеді және қазақстандық үздік жобаларға қолдау көрсетіледі деп үміттенеміз. Сондықтан, барлық ниет білдірушілерді алдағы конкурсқа қатысуға шақырамыз.

Сіздер үшін, бүкіл уақыт бойы «Community QazInnovations» кеңес беру Telegram-арнасы жұмыс істейтін болады!

Бұған қоса, әр дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-де біз түсіндіру мен кеңес беру жұмыстарын жүзеге асыру және сіздің сұрақтарыңыз бойынша кері байланыс беру мақсатында ZOOM алаңында онлайн конференциялар өткізетін боламыз! Аталған конференцияларға қатысу үшін сізге мына сілтеме бойынша тіркеуден өтіп, өзіңізге ыңғайлы күнді таңдап алу қажет https://forms.gle/HwPXrPTrSnfXZ4qs5.

Акселераторлармен және бизнес-инкубаторлармен танысу үшін мына сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз: https://qazinn.kz/homepage-01/акселераторы/

Назар аударамыз!

Өтінім беруші гранттық қаржыландыру жөніндегі Кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) мүшелерімен, сондай-ақ процеске тартылған Оператордың қызметкерлерімен ауызша, жазбаша, телефон арқылы сөйлесуге және ресми консультацияларды қоспағанда, инновациялық грант алуға мәлімделген жобаға қатысты өзге де тәсілдермен олармен байланыс жасауға құқығы жоқ. Өтініш берушінің бұл әрекеті инновациялық грант беру жөніндегі шешіміне ықпал ету әрекеті ретінде бағаланатын болады. Өтініш берушінің мұндай әрекетінің расталған фактісі жобаны қараудан алып тастауға және оны «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының сайтында орналастырылатын жауапсыз қатысушылар тізіміне енгізуге әкеп соғады.

Ақпаратты оқығаннан кейін сұрақтар туындаған кезде сіз +77756231422 телефоны арқылы  және  what ‘ s app/Telegram  бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес ала аласыз.