АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурстың жеңімпаздары белгілі болды.

Тамыз айының соңында Инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Достар, Сіздердің қалауларыңызға сай және пилоттық конкурстың қорытындысы бойынша кейбір шарттар өзгертілді. Атап айтқанда, енді конкурсқа қатысу үшін сізде акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткеніңіз туралы сертификат болуы керек. Сонымен қатар, бірінші кезеңнен өту енді екінші және үшінші кезеңдерге іріктеу конкурсына қатысудың міндетті шарты болып табылады.

Қаржыландыру шарттары да өзгертілді – бірінші кезеңді жүзеге асыруға инновациялық гранттың сомасы 20 млн. теңгеден және екінші және үшінші кезеңдерге 80 млн. теңгеден аспайды.

Бүгін біз екінші Конкурстың қорытындысы бойынша грант иегерлері атанған жобаларды құттықтаймыз:
– CodiPlay жобасымен “CodiPlay” ЖШС;
– Сall-орталықтары үшін қызметкерлерді және ақпараттың ағып кетуін бақылау жүйесі жобасымен “Essential Technologies Ltd” ЖК;
– Egistic superapp жобасымен “Egistic” ЖШС;
– Python RPA жобасымен “Python RPA Ltd” ЖК;
– e-Knot жобасымен “e-Knot” ЖШС – МИБ жүйесіне ауысуға және тұрғын үйлерді басқаруға арналған онлайн-қызметі;
– “Optoculus quard” Жоғары метрологиялық сипаттамалары бар жаңа буын интеллектуалды талшықтық-оптикалық бергіш жобасымен “КНПЦ “Астана инжиниринг” ЖШС;
– Texta.ai жобасымен “Текста” ЖШС;
– Жеке басты тексеретін онлайн платформа (identity verification platform) жобасымен “Вериграм” ЖШС;
– Жолаушылармен сәлемдемелерді жіберу қызметі – Zhiber.kz жобасымен “Zhiber.kz” ЖШС;
– IN-VR платформасының іске қосылуы – виртуалды шындықта стриминг үшін платформа жобасымен “IN-VR LTD” ЖК;
– IDM-online жасанды интеллект арқылы айналмалы жабдықтың күйін бақылау жүйесін әзірлеу жобасымен “Проманалитика” ЖШС.

Екінші Конкурстың қорытындысы бойынша келіп түскен 190 өтінімнің ішінде 70%-дан астамы АКТ бағыты бойынша берілген.

Ағымдағы жылдың ішінде барлығы 16 жобаға қолдау көрсетілді – 5-уі бірінші және 11-і екінші конкурстың қорытындысы бойынша.