АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурсқа өтінім қабылдау басталды

«Кеше инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурс жарияланды. Өтінімдер 2021 жылғы 10-23 тамыз аралығында https://qazinn.kz/ порталы арқылы қабылданады. Барлық сұрақтар бойынша тікелей Ильяс Оспановқа немесе Community QazInnovations кеңес беру Telegram-арнасына жаза аласыздар. Барлық жасампаз жандарды осы конкурсқа қатысуға шақырамын, бұл – стартаптарыңызды жүзеге асырып, дамыту үшін өте жақсы мүмкіндік», – деп жазды министр.

Ведомство басшысы биыл 1-12 ақпан аралығында өткізілген инновациялық гранттар беру бойынша пилоттық байқау туралы да мәлімет берген. Байқауға барлығы 661 өтінім түсіпті, бірақ соңғы кезеңге тек бес үміткер ғана өткен: «ForumVR», InTech-Forecast «ЖҚК нысандары үшін IT-бағдарлама жасау», «COWMAS – ІҚМ туралы мәліметтерді бақылау және сараптау», «Смарт Терминал» жобасы, «Faceplate».

«Оларға технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру туралы шарттар жасалды. Пилоттық конкурстың нәтижесі бойынша сарапшылар мен грантқа ие болған кісілердің ой-пікірлерін ескере отырып, әріптестер байқау шарттарына өзгерістер енгізді. Енді байқауға қатысам деушілерде акселерациялық бағдарламалардан сәтті өткендігін дәлелдейтін сертификат болуы тиіс. Оның үстіне екінші және үшінші кезеңдегі іріктеуге қатысу үшін алдымен бірінші сатыдан өту шарт»,­ – деп жазды министр.

Бағдат Мусин сондай-ақ қаржыландыру шарттары да өзгергенін хабарлады. Бірінші сатыны іске асыруға арналған инновациялық грант сомасы 20 млн теңгеден, ал екінші және үшінші сатылар үшін 80 млн теңгеден аспайды.