АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттарды іріктеу Конкурсының аралық нәтижелері.

2022 жылдың 31 тамызындағы жағдай бойынша Технологияны коммерцияландыру бойынша конкурсқа қатысуға 20 өтінім түсті:
Нұр-Сұлтан қ. – 10 өтінім;
Алматы – 6 өтінім;
БҚО, Түркістан облысы, Қарағанды облысы және мекенжайын көрсетусіз – 1 өтінімнен.

20 өтінімнің ішінен:
– формальды негіздер бойынша 10 өтінім қабылданбады (инновациялық гранттың сұралған сомасы асып кеткен, жобаны іске асыру мерзімі асып кеткен, жоба туралы ақпарат толық толтырылмаған, жоба бойынша презентация, жоба бойынша бизнес-құрылым, сондай-ақ жоба тобының еңбекақысы туралы мәліметтер құрылымға сәйкес толтырылмаған);
– 6 өтінім тіркелді;
– 4 өтінім қарастырылуда.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер түскен жоқ.