АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттарды іріктеу бойынша конкурстың аралық нәтижелері.

2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру конкурсы бойынша «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ 261 өтінімді қабылдады:
Астана қ. және Алматы қ. – әрқайсысы 101 өтінім;
Қарағанды ​​облысы – 12 өтінім;
Алматы облысы – 10 өтінім;
Шымкент қ. және Павлодар облысы – әрқайсысы 5 өтінім;
Атырау және Жамбыл облыстары – әрқайсысы 4 өтінім;
Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары – әрқайсысы 3 өтінім;
Қостанай облысы – 2 өтінім;
Абай, Ақтөбе, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары – 1 өтінімнен;
6 өтінімде мекенжай көрсетілмеген.

Келіп түскен 261 өтініштің ішінде:
–Формалды белгілер бойынша 115 өтінім қабылданбады (инновациялық гранттың сұралған сомасы асып кеткен, жобаны іске асыру мерзімі асып кеткен, жоба туралы ақпарат толық толтырылмаған, жоба бойынша презентация, жоба бойынша бизнес құрылымы және жобалық топтың еңбекақысы туралы мәліметтер құрылымға сәйкес толтырылмаған) ;
– 146 өтінім тіркелді және идеялар питчингіне жіберілді.

Идеялар питчингі нәтижелері бойынша 146 өтінімнің:
– 65-і толық өтінім беру кезеңіне жіберілді;
– 69-ын қабылдаудан бас тартылды;
– 12 питчингті күтуде.

Толық өтінімдерді беруге жіберілген 65 өтінімнің
– 9 толық өтінім келіп түсті.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсына қатысу үшін 2022 жылғы 30 қыркүйекте 4 өтінім түсті, оның ішінде:
Астана қаласы – 1 өтінім;
Қостанай, Ұлытау және Түркістан облыстарынан – 1 өтінімнен.

03.10.2022г.