АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновациялық гранттарды іріктеу конкурсының 2022 жылғы 30 қарашадағы аралық нәтижелері.

Инновациялық гранттарды беру операторы – «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен келесі конкурстарға :
– технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру;
– жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың технологиялық дамуына инновациялық гранттар беру бойынша өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Бүгінгі таңда екі конкурсқа да өтінімдерді қабылдау аяқталды.

Технологияларды коммерцияландыру
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру конкурсына қатысу үшін 261 өтінім түсті, оның ішінде:
формальды негіздер бойынша 115 өтінім қабылданбады (инновациялық гранттың сұралған сомасы асып кеткен, жобаны іске асыру мерзімі асып кеткен, жоба бойынша ақпарат толық толтырылмаған, жоба бойынша тұсаукесер, жоба бойынша бизнес құрылымы және жобалық команданың еңбекақысы туралы мәліметтер құрылым бойынша толтырылмаған), 146 өтініш тіркелді.
Питчингте қаралған 146 өтінімнің: қабылданғаны: 73 өтінім, қабылданбағаны: 73 өтінім.
Олардың ішінен:
45 өтінім қабылданбады (өтінімдерді уақтында бермеген – 26, жалған ақпарат берілген – 2, MVP жоқ – 6, қосарланған қаржыландыру – 3, сертификаттың түпнұсқалығын растамаған – 1, акселерациялау және (немесе) инкубациялау сертификаты– 2, құжаттардың пакеті толық емес – 2, ескертулерді жоймаған – 1, Қағидалардың 22-тармағының талаптарына сәйкес келмегені – 2)
Толық ұсыныстың 28 питчі (оның 10-ы қабылданбады, 18-і Шартқа қол қою сатысында).

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамыту
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру бойынша конкурсқа қатысу үшін 6 өтінім келіп түсті.
Олардың ішінен:
– 4 өтінім қабылданбады
– 2 өтінім тапсырылмады.

01.12.2022г.