АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Инновацияларды дамыту – барлық республика бойынша мемлекеттік органдардың, бизнестің, инвесторлардың, ЖОО, БАҚ және қоғамның бірлескен күш-жігерін қажет ететін күрделі жұмыс. Қолдау қажет талантты инноваторлар қолда бар мүмкіндіктер туралы білуі керек. Біздің компанияның міндеті – инкубация және гранттар бағдарламаларына назар аудару және барлық мүдделі тараптарды біріктіру болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин мен «QazInnovations» ИДЖҰА Басқармасының төрағасы Санат Аханов арасындағы кездесуі барысында идеялар мен ұсыныстар айтылды. М азмұнды диалог Mediana Services Ltd IT-компаниясының қабырғасында өтті. Атап айтқанда, Қазақстан өңірлерінде цифрландыруды дамыту процесі, жаңашылдықты танымал ету, жаңа стартап идеяларды іздеу және қолдау маңыздылығы талқыланды. Бұл жерде халықаралық тәжірибе көмектесе алады.
Өз тарапынан Mediana Services өкілдері жастардың ықтимал басымдықтары мен мүдделері туралы айтты, өздерінің әлеуметтік кәсіпкерліктегі тәжірибелерімен бөлісті.

Урысбаев Аббат Жәңгірханұлы, Forte Bank филиалының директоры, Ақтау қ

Хадиев Айдын Сағынғалиұлы, Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

Маңғыстау облысы бойынша Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Айдын Хадиевпен және Forte Bank (Ақтау) филиалының директоры Аббат Өрісбаевпен сөйлесудің пайдалылығы да одан кем емес. Инноваторлар үшін гранттар туралы ақпаратты ілгерілетудегі банк жүйесінің рөлі де қолдаудың тағы бір көзі бола алады.