АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Біздің еліміздің өміріне пайдалы жаңалықтар енгізуге деген тілектері мен идеялары бар инноваторларды үнемі тыңдау және қолдау керек.
«QazInnovations» Ұлттық агенттігінің қызметінің негізінде гранттар беру арқылы дарынды мамандарды табу, олардың дамуына және ілгерілетуіне көмектесу сияқты игі миссиясы жатыр.
Компанияның негізгі көзқарасы: зияткерлік меншікті, құқықтарды сақтау және қазақстандық инноваторлар мен өнертапқыштар үшін жағдай жасау болып табылады.
Басқаша айтқанда бұл Отанымыздағы ең жақсы ойшылдарды сақтау үшін күрес.
Бұл туралы QazInnovations басшысы Санат Аханов «Биофармакология саласындағы инновациялар, оларды құқықтық қорғау және коммерцияландыру» атты тақырыптағы Qazpatent ұйымдастырған дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде айтты.

Нәтижесінде QazInnovations пен Qazpatent арасында инновациялық және технологиялық даму саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Екі жетекші ұйым «заңды меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелерінде» халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында; зияткерлік меншік және инновациялық технологиялар бөлігінде тәжірибе алмасу, бірлескен консультациялар өткізу туралы ұзақ мерзімді қарым-қатынас туралы келісті.
Осылайша, бірлескен күш-жігер Қазақстанның инновациялық және технологиялық әлеуетін дамытуда жаңа серпіліс береді.