АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өтіп бара жатқан жыл оқиғаларға толы болды және біздің жұмысымыз инновация секторын танымал ету аясында зор табыс әкелетініне сенімдіміз. Қазақстан жаңашылдық ойлы адамдарға бай және QazInnovations ұлттық институт ретіндегі міндеті оларды қолдау және ынталандыру болып табылады.

Инновациялық құрамдас бөліктің өсуіне жоғары деңгейде басымдық жасалған. Оған еліміздің инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар талқыланатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің құрылуы дәлел болып табылады. 2022 жылдың қазан және желтоқсан айларында алғашқы екі отырыс өтті, бұл жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу мәселесіне терең шоғырлануды көрсетеді.

QazInnovations-ке ресми түрде гранттар, сараптамалық зерттеулер, қорытындылар беру, салалық орталықтарды, бизнес-инкубаторларды және т.б. әдістемелік сүйемелдеу арқылы инновациялық индустрияны алға ілгерілету құқығы берілген.

1 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында технологияларды коммерцияландыру категориясында конкурсқа өтінімдер қабылданғанын айта кеткен жөн. Өнімді әзірлеуге берілетін грант көлемі 20 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.
261 өтінімнің ішінен комиссия 17 үміткерді мақұлдады. Осылайша, конкурстан өткендер өз жобаларын жүзеге асыруға нақты мүмкіндік алды.

Ұлттық агенттік беретін мүмкіндіктер туралы еліміздің түкпір-түкпірінде белгілі болуы керек. Сондықтан, біз сөзсіз үлкен таланттар, мамандар, өнертапқыштар мен кәсіпкерлер тұратын өңірлерге баса назар аударамыз.

Республика облыстарындағы сәтті бастамалардың бірі Astana Hub-пен бірлесіп – инновациялық бизнес-инкубаторларды ашу болып табылады. QazInnovations өкілдері жергілікті тұрғындар үшін байланыстырушы буын болды. Идеясы, әзірлемесі, кәсіп ашуға ниеті бар кез келген адам өз қалаларындағы инкубаторларға жүгініп, консультация ала алады, оқудан өте алады.

QazInnovations сарапшылары бизнес-акселерация бағдарламаларына тарту үшін инновациялық жобаларды: Семей, Павлодар, Қостанай, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларынан іздестірді. Жұмыс барысында түрлі саладағы жетекші мамандардан семинарлар, тренингтер, шеберлік сабақтары өткізілді. Біздің компания ұйымдастырған шараларға барлығы 10 мыңға жуық адам қатысты. Бизнес-инкубацияға 700-ден астам адам қатысты. Pizza Pitch, нетворкинг ивент барысында жобалардың алғашқы тұсаукесерлері болды. Оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.

Акселерация бағдарламаларының аяқталуы Demo Day өткізу болды, онда болашақ немесе қазіргі стартапшылар өз жобаларының тұсаукесерлерін ұсынды. Қазылар алқасының таңдауы нәтижесі бойынша үздік қатысушылар бағалы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлығы Demo Day-ге 200 стартап – жоба ұсынылды және 100-ге жуық жеңімпаз іріктеп алынды. Іс-шаралар Астана, Алматы және Қарағанды ​​қалаларын да қамтыды.

QazInnovations мамандары гранттарды алудың түрлері мен ережелері туралы үнемі консультациялар өткізіп отырды. Негізінде әр қатысушымен жер-жерде жеке жұмыстар жүргізілді.

Барлық өңірлерде тұрғындар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ӨКП, бизнесмендер бұл бағдарламаға үлкен қызығушылық танытты, бұл бүкіл еліміз бойынша жаңашыл ойлауды одан әрі қолдауға түрткі болды.