АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Елімізде Орталық Азиядағы ең басты ІТ іс-шара Digital Bridge 2022 форумы өтеді

28-29 қыркүйекте елордада жыл сайынғы Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы өтеді. Биылғы форумның тақырыбы – “Central Eurasia as a new tech platform” – “Орталық Еуразия жаңа технологиялық платформа ретінде қалыптасуда”.

Форум барысында IT-стартаптар аллеясы, технопарктер көрмесі, IT мектептердің көрмесі, IT бос орындар жәрмеңкесі, Astana Hub Battle, VR, GameDev сияқты ауқымды іс-шаралар өтеді. Сондай-ақ стартаптар үшін TikTok офлайн-алаңы құрылады. Бағдарлама аясындағы 45 панельдік сессияда алдыңғы қатарлы халықаралық сарапшылар ІТ әлемінің өзекті мәселелерін талқылайды.  5 мыңнан астам қонақ, 300 IТ-компания, түрлі елден 200 спикер мен 70 инвестор қатысады.

Стартаптар аллеясына қатысатын 100-ден астам жоба танымалдылығын арттырып, инвестор табу мүмкіндігіне ие болады. Сондай-ақ форум алаңында Astana Hub Battlе технологиялық стартаптардың жыл сайынғы шайқасы өтеді. Үздік стартаптарға IT-өнімдерін дамыту үшін 1 орынға  $10 000, 2 орынға $5 000, 3 орынға $ 3 000 сомасында ақшалай жүлделер беріледі.

Биыл Форумға қатысушылардың құрамы бұрынғыға қарағанда салмақты және маңызды болмақ. Әлемдегі ІТ қауымдастықтың Digital Bridge шарасына деген қызығушылығы бірталай артқанына қарап, біздің форум қазіргі жаһандық өзгерістер кезінде жаңа технологияларды дамыту мәселен талқылау үшін ең қолайлы алаңға айналғанын байқауға болады.

“Алдағы Digital Bridge форумы өзінің ауқымымен ерекшеленіп, Қазақстандағы ең ірі IT іс-шарасы болуы мүмкін. Біз Түркі мемлекеттерінің ұйымы және Орталық Азия елдерінің жетекші IT-компаниялары, алдыңғы қатарлы стартаптары көшбасшыларының қатысуын күтеміз. Форум өңірдегі IT-технологиялардың дамуына жаңа серпін беріп, осы іс-шараға қатысушы елдердің стартаптары үшін жаңа белестер мен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Біз IT саласындағы көшбасшылармен бірге технологиялық саланың ең өзекті мәселелерін көтеріп, инновациялық шешімдерді бірге талқылаймыз. Digital Bridge цифрлық идеяларды ілгерілетуге тартылғандардың барлығын біріктіретін цифрлық көпірге айналды деп сеніммен айтуға болады”, – деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Ұйымдастырушылар – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласы әкімдігі мен Astana hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысуымен.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Демеушілер мен серіктестер – Казахтелеком, Freedom bank, Tengizchevroil, My Car, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Bigroup, Prime source, Glovo, SF, Leica, BI Group, OneWeb, Citix.