АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бүгін QazInnovations қызметкерлері Қазақстанның 25-тен астам әйелдер бизнес-ассоциациялары мен азаматтық қоғам ұйымдарының басын қосқан Қазақстан Республикасындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және гендерлік теңдік коалициясы ұйымдастырған «Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту және гендерлік теңдік аясындағы мәдени- креативті кәсіпкерлік» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Кездесуге мемлекеттік органдардың, әйелдер бизнес-ассоциацияларының, азаматтық қоғамның әйелдер ұйымдарының өкілдері мен Коалиция мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстандағы мәдени-креативті индустрияны дамытудың мемлекеттік саясаты мен тұжырымдамасы, қолдау шаралары мен заңнамалық негіздері туралы білді.