АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Дүниежүзілік банк өкілдерімен Инновациялық обсерваторияны одан әрі енгізу мәселелері бойынша кездесу өтті.

Үкіметтің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 196 қаулысымен QazInnovations Үкімет пен Дүниежүзілік банктің бірлескен бастамасы аясында Инновациялық обсерватория болып айқындалды.

Осылайша, Qazinnovations Инновациялық обсерватория қызметі аясында мыналар :
📍 Ұлттық инновациялық жүйенің тұрақты мониторингі мен талдауы;
📍 Ұлттық инновациялық жүйені дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу;
📍 Инновация саласындағы қорларды қалыптастыру және жүргізу;
📍 Ұлттық инновациялық жүйені дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарлануда.

Кездесу барысында Инновациялық обсерватория аясындағы іске асыру тетіктері мен жоспарланған іс-шаралар, соның ішінде Қазақстандағы инновацияларды одан әрі дамыту мәселелері, Qazinnovations-тың ұлттық институт ретіндегі рөлінің маңыздылығы, сондай-ақ бірлескен іс-шаралар мен механизмдердің аясында одан әрі әріптестік мүмкіндіктері талқыланды.