АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Достар!

Сіздермен инновациялық гранттар алудың екінші конкурсы бойынша аралық нәтижелермен бөліскіміз келеді.
Барлығы 190 өтінім қабылданды, оның ішінде 84 конкурс өткізу шарттарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданған жоқ, осылайша 106 өтінім тіркелді

Питчинг идеяларының нәтижелері бойынша 106 өтінімнің 35 -і толық өтінім беру сатысына жіберілді, 71 -і қабылданған жоқ.
Толық ұсыныстар кезеңінде 30 өтінім келіп түсті, оның ішінде 5-уі қабылданбады, 22-і сараптамаға жіберілді, 3-уі ресми критерийлер бойынша қаралуда, ал 5 команда өз ұсыныстарын уақытында берген жоқ.

Өтініштерді қабылдамаудың себебі құжаттардың толық пакеті ұсынылмауына байланысты болады.

Осыған байланысты, біз өтінім берушілерге мынадай белгілі бір дағдыларды пысықтауларды ұсынамыз:
Бұл қажетті құжаттарды нақты жинау және қалыптастыру, шығындар сметасын сауатты құрастыру, сонымен қатар қажетті сұрақтарды нақты қою.

Келешекте, стартап өскен сайын, бұл дағдылар міндетті түрде қажет болады. Ең бастысы, бұл кезеңдерде сіздің бюджет ақшасымен жұмыс жасауға дайындығыңыз тексерілетінін, бұл жерде кез келген қателіктің өз салдары болатынын ұмытпағаныңыз жөн, ал Qazinnovations командасы сізді бұл қателіктердің алдын алу үшін ескерткісі келеді.