АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Достар!

Ағымдағы жылдың 20 қазанында «Astana Mining & Metallurgy 2021» іс-шарасы аясында «Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қоры мен Qazinnovations арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осы меморандум аясында тараптар:
Индустрия 4.0 бағытында бастамаларды қолдауда, технологиялық құзыреттілікті арттыруға және жалпы алғанда Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамытуға көмектесу жүзеге асырады.

Меморандумға қол қоюшылар:
«ИТП» ДКҚ Бас директоры Асқар Сембин және Басқарма төрағасының міндетін уақытша атқарушы Бауржан Алин.