АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Достар, кеше ҚР ЦДИАӨМ, БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің қолдауымен "Зерде" холдингімен бірлесіп "Инновациялар, цифрлық үкімет және Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін мемлекеттік қызметтер көрсету" тақырыбында вебинарлардың бірінші күні өтті.

Іс-шараны ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин мен UN DESA Бас хатшысының орынбасары Лю Жэньмин ашты.

“Қазақстан Республикасының инновациялық саясаты туралы” тақырыбында”Qazinnovations” АҚ Басқарма төрағасы Ілияс Оспанов сөз сөйледі.

Іс-шара барысында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан сияқты елдер үшін цифрлық трансформацияны дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, электронды үкіметті дамыту үшін аталған елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселесі қаралды.

Вебинар 5 тамызға дейін жалғасады, оның алаңында басқа бағыттар бойынша халықаралық тәжірибелер қаралады, талқыланады және таныстырылады.