АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Zoom алаңында Грузияның Инновациялар және технологиялар жөніндегі агенттігі (GITA — Georgia’s Innovation and Technology Agencyі) Халықаралық байланыстар департаментінің директоры Ана Вашакмадземен кездесу өтті.

GITA – Грузиядағы инновациялық дамуға жауапты Грузияның Экономика және тұрақты даму министрлігінің мемлекеттік компаниясы болып табылады.

Кездесу барысында QazInnovations және GITA өкілдері агенттіктердің ағымдағы қызметімен, ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларымен, технологиялар трансферті және жобаларды оқшаулау әлеуетіне қатысты тәсілдерімен таныстырды.

Кездесу нәтижесінде инновациялар саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру және нақты бастамалар мен бағыттар бойынша толығырақ кездесулер өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.