АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Бұл күндері Қостанай стартаптар орталығына айналды.
Мұнда «Мемлекеттік жастар саясатын ілгерілету және бастамашыл және дарынды жастарды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында Startup Talks тыңдаулары, Startup Way Kostanay форумы, Қостанай облысының ЖОО арасында Thinkathon идеялар конкурсы өтті.
Барлық іс-шаралар Қостанай облысы әкімдігі Қоғамдық даму басқармасының қатысуымен өткізілді.

Бұл ретте Kostanay Media Group негізін қалаушымен, сондай-ақ Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде акселерация және бизнес-инкубацияға қатысушылармен нәтижелі кездесулер өтті.