АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Ақтауда өткен Idea Battle конкурсының нәтижелері шықты.
ЦДИАӨМ, QazInnovations, Astana Hub қолдауымен ұйымдастырылған StartUp Orda бағдарламасының қатысушылары өз жобаларын таныстырды және қорғады.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Инновациялық даму департаментінің директоры Әлия Барлыбаева қатысты.

Жюри мүшелері:
1. Акку Айтжанова, Атамекен ҰКП директорының орынбасары.
2. Умирбек Курбанбаев, Mediana Services Limited IT-компаниясының негізін қалаушы және бизнесті дамыту жөніндегі директоры
3. Ануарбек Бимагамбетов, Mangystau TVтелеарнасының басшысы.
4. Нұрсұлтан Амангелдиев, еңбекақы жобаларын басқару және дамыту басқармасының бастығы.
5. Актоты Байзулаева, «Prosmile» клиникасының жетекшісі, маркетолог, бизнес-жобалар кеңесші.

Үздік ондыққа мыналар кірді:
1. Қазақстанда жасалған бейне ойындарды танымал ету жобасы, Айтур Адиль.
2. «Chance» мобильдік қосымшасы, Русланкызы Анели.
3. Dopamine, Атагази Олжас.
4. QarapaiymEmdeu, Камила Куатова.
5. qMeta, Расул Абуов.
6. Babysitters.kz жобасы, Гульайм Медетбек.
7. Сутегі көлігі жөніндегі жоба, Илияс Тлеужан .
8. TripleЯ жобасы. Мадияр Утебай, Әсет Көшекбай, Бастаубай Алишер.
9. Balahi жобасы, Мухтар Оразымбетов.
10. Арман жобасы, Казыбек Казиев.

Олардың барлығы 3 жыл мерзімге Mediana Services Limited IT-компаниясынан сервистік қолдау, сонымен қатар Алиса көмекшісі (портативті колонка) түріндегі сыйлық алды.

30-ға жуық жоба инкубациядан өткені туралы сертификат алды.