АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Алматы қаласында грант алушылармен кездесу

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту ұлттық жөніндегі агенттігі» АҚ Басқармасының төрағасы Санат Жолдыханұлы Аханов Алматыда іссапар барысында QazInnovations грант алушыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Осылайша, Санат Жолдыханұлы инновациялық гранттар беру бойынша екінші конкурстың жеңімпазы – «Проманалитика» ЖШС-мен кездесті. «IDM-online жасанды интеллект арқылы айналмалы жабдықтың күйін мониторингілеу жүйесін әзірлеу» жобасы қазіргі уақытта іске асыру сатысында.

IDM-Online жүйесі жабдық тораптарының техникалық жағдайын үздіксіз бақылауға және анықтауға арналған. Жүйе механизмдердің ағымдағы техникалық жағдайын анықтауға, ақаулардың түрлері мен даму дәрежесін анықтауға және тораптардың қалдық ресурсын болжауға мүмкіндік береді. Диагностика жабдықты тоқтатпай және бөлшектемей жүзеге асырылады. IDM-Online жүйесі уақтылы қызмет көрсету және нақты жағдай бойынша техникалық қызмет көрсетуге көшу бойынша ұсыныстар берумен персоналды диагностикалық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Басқарма төрағасы инновациялық гранттар беру бойынша бірінші пилоттық конкурстың грант алушылары – «Жасыл технологиялар орталығы» ЖШС-мен кездесу өткізді, оның командасы «ЖЭК объектілері үшін InTech-Forecast IT бағдарламасын әзірлеу (жаңартылатын энергия көздері)» жобасын сәтті жүзеге асырды. Жоба қазіргі уақытта мониторингілеуден кейінгі кезеңде болып табылады.