АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Өткен аптада Qazpatent алаңында «Агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құқықтық қорғаудың өзектілігі және оларды коммерцияландыру. Қазақстанның УПОВ-қа кіруі (UPOV)» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, агроөнеркәсіп саласындағы селекционерлер мен ғалымдар, «QazTrade Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ, «QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ , «Ғылым қоры» АҚ, «Astana Business Group BM LTD» ЖШС, «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» ЗТБ, «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ және «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында агроөнеркәсіп саласындағы инновацияларды құрудың өзекті мәселелері, соңғы жетістіктер, құқықтық қорғаудың өзектілігі және коммерцияландыру мүмкіндігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Өсімдіктердің жаңа сұрыптарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) кіруінің маңыздылығы талқыланды. Сондай-ақ, іс-шара барысында жаңа нысан-географиялық нұсқамалар бойынша презентациялар ұсынылды.

Қатысушылар Қазақстанның УПОВ-ға (UPOV) кіруі мәселелері бойынша оң жақтарын да, ықтимал тәуекелдерін де ашып, белсенді түрде талқылады.