АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Біздің грант алушы «Alina Group»компаниясының мәрмәр толтырғыштар өндірісінің технологиялық желісінің ресми ашылуы болды

Достар!
2021 жылдың 9 қыркүйегінде құрылыс материалдарын өндіруде Орталық Азияда көшбасшы болып табылатын біздің грант алушы «Alina Group»компаниясының мәрмәр толтырғыштар өндірісінің технологиялық желісінің ресми ашылуы болды.

Жоба Qazinnovations қолдауымен Ақтөбе қаласындағы «Құрғақ құрылыс қоспалары мен бояулар мен лактар өндіру зауытының мәрмәр толтырғышын шығаратын инновациялық технология мен жабдықты алу және енгізу» негізінде құрылды.

Бұл технологияның бірегейлігі – көлбеу електер мен диірмен классификаторының инновациялық құрылымы есебінен мәрмәрді елеу мен ұсатудың жоғары сапасы болып табылады. Жаңа желі Батыс аймағындағы компанияларға толық өңдеуден дайын өнім алуға дейінгі циклді қамтамасыз
етті. Бұл инновациялық технологиялық жоба «QazInnovations» агенттігі мен«Alina» компаниялар тобы үшін ең ірі жобалардың бірі, сондай -ақ Ақтөбе облысы үшін маңызды болып табылады, өйткені оның іске қосылуы құрғақ құрылыс қоспалары мен бояулар мен лактар өндіру зауытына арналған мәрмәр толтырғыш өндірісін арттырады.