АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

Қазақстандық стартап отандық өнеркәсіп саласына жаңа дем әкеледі

Өндіріс тиімділігін арттыру, түрлі ақауларды жою және жабдықтардың істен шығуын азайту. Қазақстандық мамандар өнеркәсіп салапсында деректерді өңдейтін  бірегей платформа әзірледі. Жүйе тау-кен металлургия, мұнай-газ және өңдеу секторларында жұмыс істейтін кәсіпорындардағы өндірістік және бизнес-процестерді оңтайландырады. Ол  қарапайым құралдардың көмегімен деректерді жинап қана қоймай, талдау жүргізуге де мүмкіндік береді.  Сонымен қатар платформа шикізат пен энергия ресурстарының азаюы мен артық қолданылуын анықтайды. Ал өндіруші осы құрылғы арқыды  өндіріс кезінде орын алған барлық кемшіліктер мен қателіктерді байқай алады.

Ержан Жанзаков, IT-шешімдер бойынша Қазақстандық компанияның басшысы:

– Біз өндірістік кәсіпорындардың жұмысын оңтайландыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдаланамыз. Компания өз жұмысын бастағанына шамамен 4 жыл болды. Қазақстанда 10-ға жуық жобаны, ірі ұйымдармен байланысы бар жобаларды жүзеге асырдық. Өзіміздің барлық жобаларымызда біз цифрлық жүйелердің, бағдарламалардың тиімділігін барынша көрсетуге тырыстық.

Компания өз мүмкіндігін өткен жылы Инновациялық гранттар байқауындағы жеңісінің арқасында кеңейткенін айта кеткен жөн. Аталған байқаудың жеңімпаздарға қойған ең негізгі шарттарының бірі жобалары «ноу-хау» ұғымына сай болу еді. Соның нәтижесінде бүгінде компания көрші мемлекеттердің нарығына шығуға дайын.

Ержан Жанзаков, IT-шешімдер бойынша Қазақстандық компанияның басшысы:

– Қазақстан үшін мұндай өнімдердің береі өте көп.  Мысалы, басқа елдерге осындай өнімдерді экспорттау мүмкіндігі. Ал гранттық қаржыландыруға келер болсақ, ол QazInnovations тарапынан шамамен 40 миллион болды, ал  қоса қаржыландыру нәтижесінде жалпы 55 млн көлемінде қаражат берілді. Оның басым бөлігі бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, пысықтауға, оның ішінде өндірісті ұйымдастыру үшін жабдықтар сатып алуға жұмсалды.

Өз мүмкіндігін пайдалануды, кеңейтуді армандайтын  басқа да стартап-компаниялар үшін республикада инновациялық гранттар конкурсы ұзартылды. Оған қатысуға өтінімді 15 қыркүйекке дейін беруге болады.

Ақпарат https://qazaqtv.com/ru/news/business/23813-kazakhstanskij-startap-transformiruet-sferu-promyshlennosti