АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"

«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттарды іріктеу конкурсын жариялайды.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағыты бойынша жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант қазіргі заманғы АКТ шешімдерін енгізу арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды цифрландыруға және Индустрия 4.0-ге көшіруге бағытталған.

Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 15 тамызда басталып, 2022 жылғы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 18:00-де аяқталады.

Конкурс шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021380.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды портал арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін ZOOM платформасында барлық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Тіркелу сілтемесі https://forms.gle/xaPdqhM34TBvMAhR7. Ақпаратты зерделегеннен кейін сұрақтарыңыз пайда болса, +7 775 623 14 22 нөміріне қоңырау соғып, сондай-ақ WhatsApp немесе Telegram-ға жазып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін кеңес ала аласыз.

Сіз біздің telegram-чатымызда нақтылайтын сұрақтар қоя алатыныңызды еске саламыз (сілтеме: https://t.me/QazInnovations_chat).