АО "Национальное агентство по развитию инноваций "QazInnovations"
«QazInnovations» Инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ (бұдан әрі – QazInnovations) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық обсерватория болып табылады.
QazInnovations жалғыз акционері – «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ.
QazInnovations Қазақстан Республикасының технологиялық саясатын іске асыру, инновациялық гранттар беру, инновациялық инфрақұрылымды дамытуға әдістемелік қолдау көрсету (технологиялық платформалар, салалық технологиялық құзырет орталықтары, бизнес-инкубаторлар) және т.б. аясында бастамаларды қалыптастыруға қатысады.
ҚОҒАМНЫҢ 2031 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ПАЙЫМДАУЫ – инновацияларды тәуелсіз бағалауды және практикалық енгізуді қамтамасыз ететін негізгі бәсекеге қабілетті даму институты – think tank.
1. Инновациялық экожүйені дамытуды аналитикалық және әдістемелік қамтамасыз ету
Мақсаты: Инновациялық саясатты жүзеге асыру бойынша бастамаларды қалыптастыру
2. Инновациялық қызметті ынталандыру
Мақсаты: Инновациялық және технологиялық әлеуетті арттыру
3. Қоғам қызметінің тұрақты дамуы және тиімділігі
Мақсаты: Қоғам қызметінің тиімділігін арттыру
Публикация күні 15.06.2022